Ақтөбеде колледж оқытушылары абитуриенттерге кәсіптік бағдар беріп, мамандық таңдауға көмектеседі.
Ұлттық бірыңғай тестілеуден жинаған балы университеттің грантына жетпесе, арнаулы оқу орнында тегін білім алып, жұмысшы мамандығын игеруге болады. Оқуға құжат қабылдау комиссиясы отырған Құдайберген Жұбанов атындағы университетте 5 колледждің өкілдері де бар. Олар талапкерлерге арнаулы кәсіптік білім беретін оқу орындарының бағдарламасын таныстырады. Нарықты зерделеген оқытушылар жұмысшы мамандықтарына сұраныстың жоғары екенін айтады.
Алдияр Дәнекеров, құрылыс-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы:
- Қазір бізде балаларды 100 пайыз жұмыспен қамтуға болады. Яғни бала бітірген кезде тек қана құр дипломмен қалмайды. Оның сол дипломмен жұмысқа орналасу тиімділігі жүз пайыз артылады. Соған байланысты дәнекерлеу ісі мамандығына, электрэнергетика мамандығына және де ІТ мамандыңы, құрылыс мамандықтарына бізде сұраныс өте көп.