Шығыс Қазақстан облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жеті білім ұясы ашылады.

Өскемен, Риддерде, Шемонаиха және Глубокое ауданында, бес мектеп пайдалануға берілді. Әсіресе Риддерде салынған заманауи нысан үш ауысымды оқытуды жойып, балаларды қосымша біліммен қамтуға мүмкіндік берді.

Риддердегі білім ошақтарының бәрі жаңартуды қажет етеді. Себебі 15 мектептің басым бөлігі өткен ғасырдың 30-70-жылдары салынған. Бұл шағын шаһардағы екінші жаңа мектеп. Қазір тағы бір білім ордасының құрылысы жүріп жатыр. «Келешек мектептері» жобасы аясында бой көтерген нысан озық үлгіде жабдықталған.

- Это у нас кабинет для мальчиков, все современное оборудование материально техническая база. Вот токарные станки слесарные.

Жаңа мектепте балалар үшін бар жағдай қарастырылған. Заманауи зертханалар, қолданбалы өнерге баулитын сыныптар бар. Жаңа ғимаратқа апатты деп танылған екі мектептің оқушылары көшірілген.

Бауыржан Дүзбенов, мектеп директоры:

- Біз анау бұрынғы оқыған мектепте мен 2013 жылдан бастап жұмыс істедім. Ол жерде ескі мектеп. Ол жерде 240 оқушы оқу керек, ал бізде 350-ге дейін оқушы оқыдық. Қазір осы мектепке көшкеннен кейін біз мына жерде қуаныштымыз. Бәрі бар.білім алуға да, біртұтас тәрбие бойынша да бәрі бар.

Мектепте орын тапшылығы болмайды. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары бөлек орналасады. Юлия Горленко 1 қыркүйекті асыға күтіп жүр. Оның 5 баласы осы мектепте оқиды. Жаңа оқу жылында кенжесі 1-сыныпқа барады.

Юлия Горленко, Риддер қаласының тұрғыны:

- Жаңа мектеп өте жайлы. Балалар асыға күтіп жүр. Оқуға деген құштарлығы артқандай. Мектепте алған әсерін үйге келіп үнемі айтып отырады.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында биыл республика бойынша 112 мектеп қолданысқа берілмек. Соның 7-еуі Шығыс Қазақстан облысында ашылады.

Жанғазы Әліпбаев, білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша 7 мектептің құрылысы жоспарланған. Оның бесеуінің құрылысы аяқталды. екеуі ескірген мектептердің орнына салынған, ол Шемонаиха мен Риддер қаласының мектептері. Үшеуі : біреуі Глубокое ауданында, 2-еуі Өскемен қаласында салынды. Бүгінгі күнде ол мектептердің лицензиясы бәрі алынған. Жұмыс істеп тұр.

2029 жылы республика бойынша 1200 мектеп күрделі жөнделіп жаңғыртудан өтеді. Ал шығыс өңірде демографиялық өсімді ескере отырып алдағы 3 жыл ішінде 10 жаңа мектеп салу жоспарланған.

Елдос Кәкенов, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин