Президент "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне астана мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту, ұлттық жобалар, кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

Заң Астана мен республикалық маңызы бар қалаларды дамытуға, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы функцияларды орталықсыздандыруға, дизайн кодексін енгізуге және Астананың "жасыл белдеуін" басқаруға, жарнаманы орналастыру ережелерін қатайтуға, көші-қон саясатын реттеуге, энергетика мен коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың ұлттық жобасын іске асыру тетіктерін оңтайландыруға бағытталған платформа.

Құжат 11 кодекс пен 47 заңға, соның ішінде Жер, Еңбек, Кәсіпкерлік және Салық кодекстеріне, сондай-ақ сәулет, жарнама, көші-қон және энергетика салаларын реттейтін заңдарға түзетулер енгізеді.

  • Түзетулердің бірінші блогы елорда мен республикалық маңызы бар қалаларды дамытуға бағытталды.
  • Түзетулердің екінші блогы жер заңнамасының жекелеген мәселелерін реттеуді көздейді.
  • Түзетулердің үшінші блогы шетелдіктерді тіркеу институтын енгізу үшін қабылданды.
  • Түзетулердің төртінші блогы кеден мәселелерін реттеуге бағытталған.
  • Түзетулердің бесінші блогы өкілеттіктерді орталықсыздандыру, сондай-ақ нормаларды артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау үшін енгізіліп отыр.
  • Түзетулердің алтыншы блогы жылу, энергия және судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін кезек күттірмейтін инфрақұрылымдық проблемаларды шешу мақсатында энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асырумен байланысты.
  • Түзетулердің жетінші блогы мемлекеттік аудит процесін жетілдіру үшін енгізілді.
  • Түзетулердің сегізінші блогы бағалау қызметі туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.