Олар ұйымның естелік банкнотын жасап шығарған .

РИА Новости кәдесыйдың Владимир облысындағы Киржач баспаханасында 10 мың данамен басылғанын жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Символдық банкнот жасау идеясы БРИКС-тің негізгі құндылықтары – көпполярлық, теңдік және стратегиялық серіктестікті көрнекі түрде көрсету әрекеті негізінде туындаған.

200 номиналдағы банкнотта одақтың негізін қалаушы елдер – Ресей, Бразилия, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африканы бейнелейтін құстар, одақ құрамына кіретін мемлекеттердің туы бейнеленген. Банкнот тұжырымдамасы алғаш рет 2024 жылдың қазан айында ұсынылған-ды, ал ресми тұсаукесері биыл Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында өтті.

Айта кетейік, БРИКС бүгінде 10 мемлекетті біріктіреді. Олар – Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка, БАӘ, Иран, Египет, Эфиопия және Индонезия. Ұйым кеңейтілген экономикалық ынтымақтастық арқылы өз мүшелерінің халықаралық ұстанымын нығайтуға ұмтылады.