Петропавлда дүкендердің бірінен сыйлық сертификатын сатып алған қала тұрғыны сотта әділдікке қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, сыйлық сертификаты (сыйлық картасы) – иесіне белгілі бір сомаға тауарларды немесе қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін купон немесе карта. Сыйлық сертификатын сатып алу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзу көбінесе қосымша таңған талаптармен, шартты бұзудан және сертификат үшін төленген ақша сомасын қайтарудан бас тартумен, сертификаттың әрекет ету мерзімін шектеумен немесе оны ішінара пайдаланғаннан кейін қалған ақшаны қайтарудан бас тартумен байланысты.

Алайда, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің хабарлауынша, жоғарыда аталған талаптарды сатушы (орындаушы) әрқашан орындай бермейді.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген Петропавл тұрғыны қаладағы дүкендердің бірінде сыйлық сертификатын сатып алып, ақырында түксіз қалған. Оның ақшаға айырбастауға және қайтаруға жатпайтын, тауар сатып алу сомасы сыйлық сертификатының сомасынан аз болған жағдайда, ақшалай баламадағы айырманы төлеу жүргізілмейтіні белгілі болды. Қолдану мерзімі де қысқа: 1 жыл.

"ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, тұтынушының жолданымы негізінде Департамент жоспардан тыс тексеру тағайындады. Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпкерлік субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы ңұсқама шығарылды. Қазіргі уақытта ңұсқаманы орындау шеңберінде сатушы сыйлық сертификатын пайдалану шарттарына өзгерістер енгізді, оның ішінде сертификаттың жарамдылық мерзімін оны берілген күннен бастап 36 айға дейін белгіледі. Енді осы сыйлық сертификаты туралы барлық ақпарат қазақ және орыс тілдерінде берілген, тұтынушылардың құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптар алып тасталды", делінген аталған комитет хабарламасында.

Бұған дейін жұмысынан айырылған ел азаматына қандай төлемдер қарастырылатынын жазғанбыз.