Биткоинның бағасы 121 мың доллардан асты.

Байнанс ((Binance)) сарапшыларының дерегіне сүйенсек, электронды ақшаның құны небәрі бір тәулік ішінде 3 пайызға қымбаттаған. Мамандар мұны Дональд Трамптың Еуроодақ және Мексика тауарларына 30 пайыз баж салығын енгізуімен байланыстырады. Соңғы рет ең жоғары көрсеткіш биыл мамыр айының соңында тіркелген еді. Ол кезде көрсеткіш 112 мың долларға тең болды.