Президент тапсырмасымен Ақтау қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 3,6 млрд теңге бөлінді.

Қаражат есебінен 9 шақырымнан асатын магистральдық жылу желілері жөнделеді. Жалпы құны 13,8 млрд теңге болатын бұл жоба былтыр басталды. Бүгінде екі құбырлы жүйемен 5 шақырымнан аса жылу желісі тартылған. Ескі болат құбырлар бөлшектеліп, олардың орнына диаметрі үлкен құбырлар орнатылып жатыр.

Нұрлан Орынбасаров, облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

Жалпы 30 км-ден астам жылу желілеріне жаңғырту жұмыстары жүргізелетін болады. 2024-жылы 11,5 км жүргізілді. Осы жылға 20 км жылу желілері қайта жаңғыртудан өтетін болады. Ақтау қаласындағы жылу желілерінің тозу деңгейі 79 пайыздың 75 пайызға дейін төмендейтін болады. Осы жұмыстарды жылыту маусымына дейін толық аяқталатын болады.

Аягөз Оралбайқызы