Мұндай цифрлық шешім Алматыны саяхатшылар үшін тартымды әрі қолайлы қала етеді .

Алматыға келген туристер енді өз саяхатын бұрынғыдан да ыңғайлы ете алады, себебі олар үшін SuperApp қосымшасы қолжетімді. Бұл қосымша туристерге қаланың көрікті жерлерін табуға, қонақүйлер мен мейрамханаларға брондауға, сондай-ақ қоғамдық көліктердің кестесін білуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, SuperApp арқылы жергілікті іс-шаралар мен оқиғалардан хабардар болып, билеттер сатып алу да оңай. Мұндай цифрлық шешім Алматыны саяхатшылар үшін тартымды әрі қолайлы қала етеді.

SuperApp қосымшасы арқылы енді Алматы қаласының көрікті жерлеріне турлар мен экскурсияларды ыңғайлы түрде брондауға болады. Сонымен қатар, қолданушылар виртуалды шынайылық (VR) технологиясының арқасында қаланың көрнекті орындарын қашықтан аралап, уақыты мен орнын үнемдей отырып, ерекше әсер ала алады. Бұл цифрлық жаңалық Алматының туристік потенциалын арттыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.

"Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы "Оңай" сервисі арқылы "Алматы қаласының Көлік холдингі" ЖШС-мен бірлесіп, барлық қалалық қызметті бір платформада біріктіретін, қала тұрғындары мен туристерге ыңғайлы болу үшін барлық қалалық сервисті ұсынуға арналған бірыңғай қалалық мобильді қосымшаны әзірлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. SuperApp жобасының басым бағыттарының бірі – қала тұрғындары мен қонақтарына туризмнің цифрлық экожүйесіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін туристік сервистер платформасын дамыту", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында тікелей әуе рейсі ашылады


Туризм басқармасы SuperApp қосымшасын биыл 1 шілде күні іске қосуды жоспарлап отыр.