Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

АҚШ Канададан жеткізілетін тауарларға 35 пайыз баж салығын енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Трамптың сөзінше, салық 1 тамыздан бастап күшіне енеді. Сондай-ақ Трамп сауда келісімі жасалмаған өзге елдерге де бірыңғай тариф қолданатынын жариялады.

Канада – АҚШ-тың ірі сауда серіктестерінің бірі. Былтыр АҚШ Канададан 413 миллиард доллардың тауарын импорттап, ал Канада АҚШ өнімдерін 349 миллиард долларға сатып алған.

Сарапшылардың пікірінше, сауда салықтарының артуы екі жақты экономикалық байланыстарға кері әсер етуі мүмкін.