Қазақстан мен Беларусь арасындағы тұрақты жолаушылар рейсінің жалпы саны аптасына алты рейске дейін артады.
10 тамыздан бастап SCAT әуе компаниясы Алматы-Минск жаңа халықаралық бағыты бойынша аптасына екі рет рейстерді орындайды, деп хабарлайды ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті.
Қазіргі уақытта Минскіге рейстерді Астана қаласынан Беларусь "Белавиа" әуе компаниясы аптасына төрт рейс жиілігімен орындайды.
Осылайша, Қазақстан мен Беларусь арасындағы тұрақты жолаушылар рейсінің жалпы саны аптасына алты рейске дейін артады.
Оқи отырыңыз: Отандық лоукостер Қазақстан мен Кутаиси арасындағы жазғы рейстерді көбейтті
"Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы туристік, сауда-экономикалық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады", – делінген хабарламада.