Астанада өтетін әйгілі Backstreet Boys тобының концертіне билет бағасы 40 мың теңгеден басталады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы «Астана концерт» компаниясының директоры Мәлік Хасенов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, концертке билеттер сатылымы 14 шілдеде сағат 12:00-де Freedom Super App қосымшасында басталады.

Яғни, қосымшада тіркеліп, ең бастысы, 22%-ға дейін кэшбэк алуға мүмкіндік бар. Backstreet Boys-тың әлемдік турымен салыстырғанда, Астанада өтетін концертке билет бағасы өте қолжетімді. Бағасы 40 мың теңгеден басталады. Мұндай топтың концерті баға жетпес эмоция сыйлайтынына сенімдімін, — деп атап өтті Мәлік Хасенов.

Сонымен қатар, ол алыпсатарларға қатысты пікір білдірді.

Біз алыпсатарлармен де күресетін боламыз. Бағаның дұрыс болуын да қадағалаймыз. Бір адамға 4 билет қана алуға болады. Біз болашақта да толықтай әділдікке қол жеткізу талабын сақтаймыз, — деді спикер.