Продюсер Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың Жетісайда өткен концертінде әншіге қатысты түрлі әңгіме естігенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, ұлының оңтүстіктегі тыңдармандарына алғыс айтты.

«Жетісайда елдерден біраз әңгіме есітіп, бір жағы қуансам, бір жағы уайымдап қалдым, ауырып қалмаса болар еді деп…

Үлкен апа, әжелер немерелерімен таңғы сағат 11 де келіп алыпты, Қайратты көреміз деп. Көбісі көрші ауылдың кісілері. Апау, Қайрат кешкі 8 де болады, күн жанып тұр, терлеп су болып кетіпсіз десе де кетпей күтіпті. Алла жүрегі баламыз деп елжіреген аналарымызға ғұмырлы да мәнді өмір берсін! Тек аналарымыз емес, еңбектеген баладан бастап жастарымыз да толы, 6 мың халық күтіп тұрды. Амандықтарыңызбен қуанта беріңіздер, жандарым сол! Жетісай халқына алғысымыз шексіз! Алла бұйыртса 7 шілде Астана қаласында, KN ән-кешінде баршаңызды күтеміз!», — деп жазды продюсер.

Желі қолданушылары мен әншінің тыңдармандары түрлі пікір жазуда.

”Жетісайға келгендеріңізге рақмет. Бір марқайып қалдық”, “Өте мықты тәрбие беріпсіздер. 6000 адамның көңілін қимай, абырой биігінен түспей тұрды. Риза болдық”, “Жұрт не десе, о десін. Қарапайым халықтың көңілін тапқан мықты әнші”, — деп жазды олар.