Астанада азаматтық белсенді Азамат Каримов қоғамдық орында шылым шегіп тұрған полицейді көріп, оған ескерту жасағаны үшін өз басына қысым көрді. Оқиға куәгерлердің айтуынша, тәртіп сақшылары алғашқыда сабырмен жауап бергенімен, артынша жағдай күрт өзгеріп, белсенді күшпен ұсталып, қамалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Белсендінің айтуынша, ескерту жасаған полицейлердің бірі белгісіз біреуге қоңырау шалып, бірнеше минуттан соң оқиға орнына үш полицей келген. Олардың бірі — капитан, екіншісі — учаскелік инспектор. Алайда соңғысының аты-жөні белгісіз күйінде қалды.

Бастапқыда белсендінің арызы қабылданып, ол жеке куәлігін көрсеткен. Алайда Каримов қызметтік көліктегі жарнаманы көріп, заңсыздықты тағы да көтерген сәтте, капитан дөрекілік танытып, өзін таныстырмастан, ұялы телефонынан видео түсіре отырып, Азаматтан құжаттарын талап еткен. Кейін «полиция талабына бағынбады» деген желеумен белсендіні жерге жығып, қолын қайырып, күштеп алып кеткен.

Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізілген Каримов не үшін ұсталғанын біле алмай, құқықтық көмексіз 16 сағат камерада отырған. Оның сөзінше, полицейлер “Қарлығаш” деп аталатын ауыр физикалық позаға тұрғызбақ болып, моральдық және физикалық қысым жасаған. Түн ішінде қызметкерлер камера жанынан балағаттап өткен.

Сотта Азаматтың өзін қорғау құқығы толық сақталмады. Нәтижесінде оған 30 АЕК көлемінде — 117 960 теңге айыппұл салынды.

Қоғам белсендісі өзіне жасалған әрекетті — биліктің сынды көтере алмауы деп бағалап отыр. Ал қоғамда бұл оқиға «полиция — тәртіп күзетшісі ме, әлде заңнан биік тұрған құрылым ба?» деген сауал тудырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Azamat Karim (@azamat_karimov_10_region)