Тағы бірнеше адам жарақат алған.

Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штатында пиротехника фабрикасындағы жарылыстан 6 адам көз жұмды, ішінде екі әйел бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы жергілікті полиция хабарлаған. Жарылыс салдарынан Вирудунагар округінде фабрика маңындағы ауылда ірі өрт болған. Мерт болған 6 адамның денесі табылып, қалған жарақат алғандар жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Құтқару операциясы жүріп жатыр, жарылыстың себеп-салдары анықталуда.