Шығыстағы Ұлан ауданында бірнеше ауылда жұлдызқұрт қаптап кетті. Зиянкестер жасыл желекті жалмап , тіпті ормандағы шынар ағаштарын да жапырақсыз қалдырып барады. Енді елді мекендердегі бау-бақшаны жайпап, үйлерге кіре бастаған.
Орманшылардың айтуынша, қызыл дақты жұлдызқұрттар — өте тез таралатын жәндік. Оған қоса, өсімдіктің барлық түрімен талғамай қоректенеді.
Ал тұрғындар зиянкестерді улау туралы Ұлан ауданы әкімдігіне өтініш жолдаған. Фитосанитарлық қызметтің мамандары келіп, жұлдызқұртты зерттеуге алған. Алайда бірнеше апта өтсе де, сараптаманың қорытындысы шықпаған.
Олжас Керейхан