Иван Азовский «Ұлытау» футбол клубының бас бапкері қызметін ресми түрде аяқтады. Онымен бірге оның көмекшісі Фамильцев Александр Михайлович те клубтан кетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Иван Азовский 2023 жылы клуб құрылымына қосылып, алдымен футбол орталығының жетекшісі қызметін атқарды. Өз ісіне деген жанашырлығы мен жауапкершілігі арқылы клубтың дамуына берік негіз қалады. Кейінірек негізгі команданы қабылдап, 2024 жылғы маусым қорытындысы бойынша «Ұлытауды» алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасына шығарды. Бұл — клуб тарихындағы аса маңызды жетістік.
2025 жылғы маусымда Азовский баптаған команда Премьер-лигада 15 матч өткізіп, 3 жеңіске жетті, 3 тең ойын көрсетті. Бұл нәтиже — жаңадан келген клуб үшін лайықты күрес пен әлеуеттің айғағы.
«Ұлытау» футбол клубының ұжымы бас бапкерге сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді.