Күлдіре отырып, күрделі тақырыптарды түсіндірді. «Заң мен тәртіп» апталығы аясында елорда да қаржылық сауаттылық тақырыбында «Заңды күлкі» жайдарман ойыны өтті. Шара қаржылық мониторинг агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Креативті тәсіл маңызды мәселені кең аудиторияға түсінікті әрі тартымды етіп жеткізуге мүмкіндік берді. Интернет-алаяқтық, киберқауіпсіздік сынды ұғымдар сахнада әзіл, ирония және сарказм арқылы өріліп, көрерменге жеңіл жеткізілді. Бұл тек көңілді кеш емес, сонымен қатар саналы қоғам қалыптастыруға бағытталған ерекше бастама, — дейді жауаптылар.
Ернар Тайжан, ҚР қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
Қазір жастар үшін, сондай бір танымал алаңдардың бірі, ютуб алаңдардың бірі осы. Яғни кемінде 200-300 мың қаралым жинайды. Біздің мақсат күрделі осы көпшілікке таңсық дейтін тақырыптарды жеңіл, әзілдің көмегімен жеткізе білу. Өйткені әзілдің өзі құрал ғой. Оны барынша пайдалы және тиімді пайдалана білуіміз керек.
Ернұр Медет