Адамдар локомотив сигналдарына мән бермеген.
Алматы облысында пойыз екі адамды басып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"23 маусымда сағат 19:10-да Ақсеңгір-Бурундай аралығының Отар – Алматы – 1 учаскесінде пойыз машинисі екі адамның темір жолға кенеттен шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Олар локомотив сигналдарына назар аудармады. Қашықтықтың қысқалығына байланысты басудың алдын алу мүмкін болмады", – деп хабарлады ҚТЖ компаниясының баспасөз қызметі.
Ақпаратқа сәйкес, оқиға туралы Алматы-1 станциясының ЖПБ-ға хабарланды.
Қазір оқиға орнында құзыретті қызметтер жұмыс істеп жатыр. Тергеу жүргізілуде.
"ҚТЖ темір жолдарында болу ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады. Темір жолы – қауіптілігі жоғары аймақ", – делінген хабарламада.