Әлеуметтік желіде Индонезияда бұлттың жерге құлап түскен сәті видеоға түсіп, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Индонезияда бұлт жерге құлап түсті. Бұл сирек кездесетін табиғи құбылыс, оны бейнежазбаға түсіру оңай емес. Алайда бұл жолы ерекше оқиға көрші зауыттан шыққан қалдықтардың әсерінен болды.

Видеода қалың, қою, ақшыл сұр бұлт жерге өте жақын орналасқан. Бұлттың пішіні бір үлкен масса секілді көрініп, баяу жылжып бара жатыр. Сонымен қатар жұмысшылардың құлаған бұлтқа қарай жүгіріп бара жатқанын байқауға болады.

Мамандардың айтуынша, бұлт құрамында көп конденсат жиналған. Соның салдарынан ол өте ауыр болып, ауада қалқып тұра алмай, жерге түсіп кеткен. Бұл жағдай ауадағы ылғалдылық пен өндірістік шығарындылардың үйлесімінен туындауы мүмкін.