Абырой болғанда , зардап шеккендер жоқ.

Алматы қаласының батыс бөлігінде, Жандосов пен Яссауи көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы қаланың полиция департаменті хабарлады.

Оқиға 19 маусым күні таңғы сағат 6:15 шамасында Әуезов ауданында болған. Полицияның мәліметінше, Yutong маркалы жолаушылар автобусының жүргізушісі Жандосов көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Яссауи көшесіне солға бұрылмақ болған сәтте рөлге ие бола алмай, Chevrolet Cobalt көлігімен соқтығысқан.

Сол сәтте жеңіл көлік жүргізушісі бағдаршамның жасыл түсін күтіп тұрған. Қатты соқтығысудан кейін автобус қозғалысын тоқтатпай, жақын маңдағы ғимаратқа барып соғылған.


Оқи отырыңыз: Павлодар облысында дауылды желден 16 адам зардап шекті, оның үшеуі – балалар


Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.