Ақтөбе облысында төтеншеліктер «Мұғалжар» жазғы лагері аумағында балаларға арналған танымдық кездесу ұйымдастырды. Кездесу «Қауіпсіз жаз — 2025» профилактикалық іс-шарасы аясында өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шара барысында өрт сөндіру техникасы мен авариялық-құтқару құралдары таныстырылып, оқушыларға төтенше жағдайларда әрекет ету ережелері түсіндірілді.
Балалар өрт сөндіру көлігіне отырып, жауынгерлік киімді киіп көрді. Мұнан соң суды оқпан арқылы беру сәтін тамашалап, нағыз құтқарушылардың жұмысымен жақын танысты.