«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватындағы 1510 гектар аумақтағы ашық өрт толық оқшауланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы .

18 маусым сағат 23:00-дегі жағдай бойынша ақпарат кей жерлерде қамыс бықсу байқалуда. Оқиға орнында Атырау облысының әкімі өрт сөндіру жұмыстарына қамтылған күштердің қызметін үйлестіруді жалғастыруда.

Өртті сөндіруге 150-ге жуық адам мен 50-ге тарта техника тартылды. Аталған жұмыстарға Төтенше жағдайлар департаменті, «Ақжайық» МТР, орман шаруашылығының мамандары және арнайы мекемелердің өкілдері қатысуда.

Бұған дейін "Ақжайық" резерватында өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатқанын жаздық. Батыстан соққан желдің екпіні күшейіп, ол өрт аумағының ұлғаюына және оны сөндіруге кедергі келтірген.