Атырау облысындағы «Ақжайық» резерватында өртті оқшаулау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Облыс әкімі Төтенше жағдайлар департаменті басшылығымен бірге өртті жедел сөндіру үшін барлық жұмыстың жедел түрде атқарылуын қадағалап, құтқару шараларын үйлестіруде.

Еске салсақ, біз бұған дейін Атыру облысында батыстан соққан желдің екпіні күшейіп, ол «Ақжайық» резерватындағы өрт аумағының ұлғаюына және оны сөндіруге кедергі келтіріп жатқанын жазған болатынбыз.