Біраз уақыт бұрын белгілі актёр Шәріп Серік құрбысына қол көтеріп, басы дауға қалған болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осы шулы оқиғадан кейін белгісіз желі қолданушысы жасанды интеллект арқылы Қуандық Бишімбаевтың Шәріп Серікті жұбатып отырған видео жасаған. Актёр осы ролик үшін авторды сотқа берген. Бірақ полиция бұл роликтен ешқандай заң бұзушылық таппады.

«Аталған факті бойынша тексеру жүргізілді. Видеоматериалды жасау барысында жеке өмірге қолсұғу, дербес деректер және азаматтардың өзге де құқықтарын бұзу белгілері анықталған жоқ. Тексеру нәтижесінде құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты өтініш қараусыз қалдырылды», – деп хабарлады полиция.