Жезқазған қаласындағы Аманжолов көшесінде газ қондырғысымен жабдықталған жеңіл автокөлікте өрт шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекетінің арқасында өрт тез арада ауыздықталып, жарылыстың алдын алынды. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бұл орайда еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі газ жабдығы бар автокөліктерді пайдаланатын жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды және жүйелі түрде техникалық қызмет көрсетуді ескертіп отыр.