Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Air Astana және FlyArystan-ның кейбір тұрақты және чартерлік рейстерінің бағыты өзгереді. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының өкілдері хабарлады. Шарм-эл-Шейх, Дубай, Доха және Мәдина қалаларына бағытталған рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігін айналып ұшады. Жолаушыларға рейстердің статусын тексеріп алу ұсынылады. Өйткені әуе кемелерінің ұшу және келу уақытында өзгерістер болуы мүмкін.

Асылбек Данияр