Бесінші сәбиіне аяғы ауыр Жұлдыз Әбдікәрімова жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Актриса әлеуметтік желідегі парақшасында фото, видео жариялап, бұл жүктілігінде жиі фотосессия жасайтынын айтты.
«Адамның көзқарасы жылдар өте келе өзгеріп тұрады. Демек, адамның өмірге деген көзқарасы, оның өмірге деген құрметі. Мінің жоқ болып көрінуге тырысудың еш қажеті жоқ. Кемшілігі жоқ адамның артықшылығы да жоқ. Қоғам қалай қарайды, билік қалай қарайды демей, бастысы өмірде өзіңді жоғалтып алмай, шынайы болмысыңмен, өзіңнің ішкі әлеміңмен келісімде еркін өмір сүргеннен артық ештеңе жоқ. Осы жүктілігімде өте-мөте көп фотосессия мен видео түсіремін, бұйырса. Өйткені, осыған дейінгілерін тығылып, үнсіз жүрдім. Ал, қазір кешіріп қойыңыздар! Осы ғажап күйімді босқа өткізіп алғым жоқ», — деп жазды ол.
Жұлдыз Әбдікәрімованың желіге жариялаған видеодағы ашық образын желі қолданушылары қызу талқылауда.
«Мына киімнен мен ұялып кеттім ғой. Атасы көрсе ұят емес пе?», «Іш киімді көрсетіп видеоға түскенің ұят болыпты», «Не кисе де өзі біледі ғой. Демек, осыған күйеуі рұқсат беріп тұр», «Кезінде үйде отырып, туып отырғанда осылай жүруді армандаған шығар», «Масқара, ұят», — деп жазды олар.

