Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жуырда бесінші сәбиіне жүкті екенін елге хабарлаған болатын. НТК телеарнасының "Ревю" бағдарламасына берген сұқбатында әнші бұл өзі үшін күтпеген жайт болғанын айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы .
Актриса бұл өзі үшін тосын жайт болғанын жасырмады.
"Мүлдем ойлаған жоқпын. Өйткені халыққа белгілі, менің сол кездегі жағдайым қандай болғанын бәрі біледі, куә болды. Сонымен жүріп қалдым. Солай болуы керек болған шығар. Естіген кезде қуандым. Өздеріңіз білетіндей, төрт балам бар. Енді бесінші баланы да қуана-қуана қабылдаймыз. Бергеннен кейін тастамаймыз", — деді ол.
Алайда, жұрт өнер иесінің бұл жауабын сынап, түрлі пікір жазды.
"Бергеннен кейін тастамаймыз дегені немене", "Жұлдызды жерден алып жерге салып жатыр ғой", "Өзі түсінді ме не айтқанын, ужас", — деп жазған оқырмандар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Телеканал НТК (@revuenews)