Атырауда былтырғы тасқын кезінде бөгет бекіткен компаниялардың жыры әлі бітер емес.
Соттасса да соқыр тиын алмағандар жетіп артылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бүгін қолдарына көк тиын тимеген камаз жүргізушілері де шу шығарды. Олар осы уақытқа дейін еңбегіміздің ақысын алған жоқпыз деп ашынады. Жалданып жұмыс істегендерге қаржыны бермей жүрген кәсіпкер ме, әкімдік пе?