Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. — Болгарияда екі блоктан тұратын атом электр стансасы ба
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
— Болгарияда екі блоктан тұратын атом электр стансасы бар. Әр блогының қуаты 1,2 мегаватты құрайды. Уранымызды болгар АЭС-іне жеткізу бойынша ынтымақтастық үшін әлеуетті алаң бар, — деді ол БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Айта кетейік, бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Болгария Президенті Румен Радевпен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
Келіссөздер қорытындысында бірқатар келісімге қол қойылып, Президенттер БАҚ өкілдерінің алдында сөз сөйледі. Сөз сөйлеу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне Болгарияның Бургас және Варна теңіз порттарын қосу мәселесі қарастырылғанын, Қазақ-болгар бизнес форумы өтіп, онда бірқатар коммерциялық құжат рәсімделетінін айтты.