Ғылым және жоғары білім министрлігі талапкерлерге арнап маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Министрлік дерегінше, негізгі ҰБТ 16 мамыр-7 шілде аралығында өтсе, 20 маусым мен 25 тамыз аралығында жоғары оқу орындарына құжат қабылдау басталады.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды
- Қайырлы Жұмаханов: «Жайлы мектеп» – жаңа мүмкіндіктер алаңы
«Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» мамандықтарына түсушілер үшін арнайы емтихандар 20 маусым-20 тамыз аралығында (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін өткізіледі);
Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер 20 маусым-10 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 7 шілдеге дейін) аралығында қабылданады, — делінген мәліметте.
Сонымен қатар шығармашылық емтихандар 7 шілде-15 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін) аралығында өтсе, білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13 шілде-20 шілде аралығында қабылданады.
Ал грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.