Талапкерлердің 65%-ы шекті балл жинады, орташа нәтиже – 63 балл.


2026 жылғы 10 мамырда басталған негізгі ҰБТ осы уақытқа дейін 92 мыңға жуық рет тапсырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Талапкерлердің 71%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 29%-ы орыс тілінде, ал 164 адам ағылшын тілінде тапсырған.

Екінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 65%-ы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа балл 63 болса, ең жоғары нәтиже 138 балды құрады.

ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 235 талапкер қатысып, оларға қолайлы жағдай жасалды.

Сонымен қатар тестілеудің екінші аптасында 178 ереже бұзушылық тіркелді. 103 талапкер тыйым салынған құрылғылармен кірмек болғаны үшін тесттен шеттетілсе, 75 адам ережені бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылды.

ҰБТ нәтижелеріне қатысты бейнежазбалар 31 қазанға дейін талданып, ереже бұзушылық анықталған жағдайда нәтижелер жойылады.