Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.
Жақсылықов бұл лауазымға 2022 жылдың 19 қаңтарында тағайындалған.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымынан босатылды.
Марат Қарабаев бұл қызметке 2023 жылдың 2 қыркүйегінде тағайындалған еді.
Ал 2025 жылдың 14 мамырында Қарабаев қауіпсіздік кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері жөніндегі отырыста мемлекет басшысынан сөгіс алды.