Көп жағдайда олар үйреншікті ортаны тастап кеткісі келмейді .
Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалитденов жас жігіттер неге әскерден қашады деген сұраққа пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тілшілер "Жас жігіттер неге әскерге барудан бас тартып жатады?" деп сұрады.
"Оның әртүрлі себептері бар. Кез келген адам отбасында, балабақшасында, мектепте тәрбие алады. Әскерге баруға қорқатын жас жігіттер үйреншікті ортада өмір сүруге үйреніп қалған. Еркіндікке үйренген. Соны өзгертуге тура келгенде қорқыныш пайда болады. Бұл кез келген адам үшін қалыпты дүние. Адамның бұл қорқынышты қалай еңсеретіні басқа мәселе. Бұл жалғыз сол адамның ғана мәселесі емес. Бұл – жалпыға ортақ мәселе, оны бірге шешуіміз керек", – деді Сұлтан Қамалетдинов Сенат кулуарында.
Сөзінше, БАҚ-та әскери борышын өтеп жүргендер туралы жиі жазылуы тиіс.