Астанада 15 мамыр күні Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің жоспарлы іс-шаралары аясында қала үстінде жойғыш ұшақтардың демонстрациялық ұшуы өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Іс-шараға дайындыққа байланысты 10 мамырдан бастап елорда әуе кеңістігінде әскери авиацияның жаттығу ұшулары басталады.
Жойғыш ұшақтардың ұшуы мен жаттығу іс-шаралары қауіпсіз биіктікте жүзеге асырылады және қала тұрғындарының күнделікті тыныс-тіршілігіне кедергі келтірмейді.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жаттығулар мен демонстрациялық ұшу кезеңінде туындауы мүмкін қысқа мерзімді шу деңгейінің артуына түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Назар аударамыз:
– барлық ұшулар қауіпсіздік талаптарына қатаң сәйкес ұйымдастырылады және халыққа ешқандай қауіп төндірмейді;
– түрлі түсті түтіндерді пайдалану тек демонстрациялық сипатқа ие және қоршаған ортаға зиянды әсер етпейді.