Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан екі қылмыстық топ әшкереленді, деп хабарлайды 24KZ. Күдікті ретінде 5 адам қамауға алынды. Тағы біреуіне халықаралық іздеу жарияланды.
Олар 113 адамды сан соқтырып, 120 миллион теңгені қолды қылған. Қаражатты банктерден жалған шоттарды ашу арқылы қолма-қол ақшаға айналдырған. Қылмыс бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы мен екінші деңгейлі банк қызметкерлерінің үстінен де іс қозғалды. Оларға «шетел азаматына жеке сәйкестендіру нөмірін және банк шоттарын заңсыз ашты» деген айып тағылып отыр.
Адай Құтымов, Жетісу облыстық прокуратурасының бірінші басқарма бастығының орынбасары:
- Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде облыс бойынша аталған санатпен 409 қылмыстық іс тіркелген. 321 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдардары аяқталып, сотқа 284-і жолданды. Жетісу облыс прокуратурасының бастамасымен бұл қылмыстарды ашу және жолын кесу бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр.