Қатерлі дертпен күресіп жүрген актёр Мұрат Бисембиннің жай-күйі қалың көрерменді бейжай қалдырмады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Былтыр ауыр диагноз қойылған сәттен бастап, ол өзінің өмір үшін табанды күресін бастап кетті. Сол кезде ол жанашырларына арнап: "Мені жеңу оңай емес", – деп, үміт пен жігерге толы үндеу жолдаған болатын. Содан бері бір жылдан астам уақыт бойы актёр салауатты өмір салтын қатаң ұстанып, ем-домын үзбей қабылдап келеді.
Жақында актёрдің жақын досы, әріптесі Саят Исембаев әлеуметтік желіде Мұрат Бисембиннің қазіргі жағдайын баяндайтын сурет жариялап, "Бізде бәрі жақсы", – деген қысқа, бірақ үмітке толы жазба қалдырды. Бұл жаңалықты көрген желі қолданушылары бірден қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жазып, сауығып кетуін тіледі.
Оқи отырыңыздар:
- Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қаза тапты
- Қазақстанда сотталғандарға рақымшылық жасалады: тізімге кімдер ілігеді
Айта кетейік, қос актёр көпшілікке кеңінен танылған «Рэкетир» фильміндегі рөлдері арқылы есте қалған.