Оқиға 31 мамыр күні кешкі уақытта болған.

Алматыдағы психикалық денсаулық орталығынан екі адам қашып кеткен. Екеуінің де психикалық ауытқуы бар және медициналық бақылауды қажет етеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олардың бірі — 32 жастағы Павел Лавров. Бойы 157 см, дене бітімі орташа, шашы қара, көзі қоңыр. Оң қолының білегінде тыртық іздері бар.

Павел Лавров

Екінші науқас —1992 жылы 16 қыркүйекте туған Денис Антипин. Бойы 180 см, дене бітімі орташа, шашы қою қоңыр. Ол да аталған мекемеден сол уақытта қашқан.

Дени Антипин

Алматы қалалық Полиция департаменті, аталған азаматтарға қатысты іздеу жарияланғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, еріктілер іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ер адамдарды көрген немесе олардың қайда жүргені туралы қандай да бір ақпараты бар адамдардан жақын маңдағы полиция бөлімшесіне немесе іздеу топтарының ресми ресурстарында көрсетілген нөмірге хабарласу сұралады.