Әлеуметтік желіде ерлі-зайыптының тойында түсірілген видео қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аты-жөні белгісіз жұп жиылған жұрт алдына «кемеге» мініп шыққан. Той ұйымдастырушылардың креативті бастамасы желі қолданушыларына жақпай қалған.

«Қайта құлдары иығына көтеріп кіргізбеген екен», «Бара-бара ұшақпен кіреді», «Мыналар Джек Доусон мен Роза Девутт болып тур ма?», «Әй қазақтар, шығармайтындарың жоқ. Не болса да ұят нәрсе ғой. Дардай адамдар... Асабаның ойлап тапқаны ғой», «Цирк», «Ал теңіз қайды?», «Әдемі ғой. Қанша жыл өмір өзенінен қол ұстасып бірге жүзіп өткен жандар. Қазір екінің бірі ажырасқан» деп жазды көпшілік.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от MEGANEWS.KAZ | KAZAKHSTAN (@meganews.kaz)