Қазақстанда шамамен 2,5 миллион зейнеткер бар. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірлер бойынша жағдай мынадай:
- Бірінші орында Алматы қаласы. Мұнда 260 364 зейнеткер тұрады.
- Екінші орында Түркістан облысы, онда 206 065 зейнеткер тіркелген.
- Үшінші орында Қарағанды облысы, бұл өңірде 186 093 адам зейнет жасында.
Ондыққа мына өңірлер де кіреді: Алматы облысы (173 706), Астана қаласы (153 911), Жамбыл облысы (143 378), Қостанай облысы (142 276), Шығыс Қазақстан облысы (141 676), Павлодар облысы (125 474), Ақмола облысы (118 905).
Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!