Сотталушы ең біріншіден, Шерзаттың анасынан өкініп тұрып кешірім сұрайтынын жеткізді.
Сондай-ақ, күдікті Равиль Сәкиев соңғы сөзінде кінәсін мойындайтынын және қатты өкінетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Мен ол жерге (төбелес болған жерді айтады) ештеңе білмей бардым. Анасы кім, әкесі кім екенін білмедім. Мен төбелес басталғанда, Нұрқанат Ғайыпбаев мылтықты атқаны үшін 2-3 рет тептім. Қолыма қару, мылтық ештеңе ұстаған жоқпын. Бұндай оқиғаға қалай түсіп қалғанымды әлі түсіне алмай жүрмін. Өзімді ақтасам да, бір жағынан ол кісілерді де (жәбірленушілерді) түсінемін. Өз басым ол жерге біреуді өлтіремін, төбелесемін деп барған жоқпын. Маған тағылған айыптың 293-бабының 3-бөлігіне толықтай келісемін, кінәмді мойындаймын және қатты өкінемін. Бірақ, мен қолыма пышақ ұстап, біреуді пышақтаған жоқпын, қару ұстаған жоқпын, біреуді өлтіретін ойым болған жоқ. Менің жауаптарымда еш қарама-қайшылық жоқ, – деді ол.
Айыпталушының сөзінше, өл ешкімді өлтірмеген. Сол себепті, анасына "басыңызды тік көтеріп жүре берсеңіз болады, мен қанышер емеспін" деді.
– Мен анамнан кешірім сұраймын! Анам білетіндей, мен оны осы кезге дейін алдамағанмын. Әке-шешем маған сондай тәрбие берген. Мен анаммен жақсы қарым-қатынаста болғаннан кейін мен оны ешқашан алдаған емеспін. Біреу басымды кесіп алса да, мен анама шындығымды айтқанмын. Әлі де айтамын: сіздің балаңыз ешкімді өлтірген жоқ, қанышер емеспін өлтіретін. Қайда жүрсеңіз де, басыңызды тік ұстап жүрсеңіз болады, – деп сөзін қорытындылады ол.
Осыған дейін сотталушы Равиль Сәкиев Қаржаубай Нұрымовқа алғыс айтқан еді.