Биржада какао бұршақтары қымбаттап жатыр.
Олардың құны 1 айдың ішінде 11 пайызға өсті. Мамырда тоннасы 9800 долларға жеткен. Бұл туралы барлық тауардың бағасын бақылап отыратын "Ай-Си-И-Фьючерс" ((ICE Futures)) халықаралық биржасында белгілі болды. Сарапшылар какао бұршақтарының күрт қымбаттауын құрғақшылық пен климаттық өзгеріс салдарынан өнімділіктің төмендеуімен байланыстырады. Екінші орында платина тұр. Алтыннан да құнды ақ метал 9 пайызға қымбаттаған. Сондай-ақ көмір, апельсин шырыны, күріш, сұлының да бағасы көтерілді. Кофе керісінше арзандады. Оның робуста дейтін сұрпы 13, ал арабика 11 пайызға төмендеген.