Шымкенттік жанкүйерлер танымал спорт комментаторы Амангелді Сейітханды ерекше құрметпен еске алды. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ордабасы" мен "Жетісу" арасындағы матч кезінде жанкүйерлер арнайы перфоманс ұйымдастырып, ойынның басында және 69-минутта қолдау көрсеткен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қазақстан Премьер-лигасы (@pflkaz)

Бұл ойынды Амангелді Сейітханның ұлы Бекасыл Сейітхан жүргізген.

"Қиын сәтте сүйейтін де, жығылса көтеретін де — өз қазағы. Сондықтан қазақтың жанашыры қазақ қана", — деп жазды ол желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Begasyl_Seytkhanov (@begaseytkan)

Айта кетейік, 11 мамырда атақты комментатор Амангелді Сейітхан 57 жасқа толар еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget