Марқұм Шерзат Полаттың жақындары сотталушылардан жалпы сомасы 662 млн теңге көлемінде өтемақы талап етті. Бүгінгі сот отырысында арызды олардың адвокаты Мейірман Шекеев оқып шықты. Адвокаттың айтуынша, азаматтық шағымға психологиялық сараптама негіз болған. Судья талап арызды қанағаттандырып, сотталушыларды жауапты деп таныды. Осылайша бүгін Шерзат Полаттың қазасына қатысты он үшінші сот отырысы аяқталды.

Сотталушылардың аудиожазбасы сараланды

Бұл жолы да процеске марқұмның туыстары қатыса алмады. Бүгін көліктегі аудиожазба сараланып, қос тараптың өтініш хаттары қаралды. Жәбірленушілердің қорғаушылары Дана Жақсыгелді мен Эльмира Нұрбекованы сотта жалған куәлік еткеніне байланысты қайта шақыртып, заң аясында жазалауды сұрады. Келесі сот отырысы екінші маусымға белгіленді. Онда адвокаттар жарыссөзге түседі.

Дамир Нұрмұхамет