АҚШ президенті ВВС басылымын сөзін бұрмалап жазғандары үшін сотқа берді.

Дональд Трамп 2021 жылы шыққан бейнеүзінді өз жақтастарын АҚШ Капитолийіне басып кіруге үндегендей етіп өңделген дейді. BBC бұл үшін кешірім сұрап, қателік кеткенін мойындады. Оқиғаға байланысты басылым басшысы Тим Дэви мен жаңалықтар бөлімінің жетекшісі Дебора Тернесс қызметінен кеткен. Бірақ президент кешірімді қабыл алмай, 10 млрд доллар көлемінде өтемақы талап етіп отыр. Айта кетейік, кейінгі уақытта Трамп елдегі БАҚ жұмысына қатысты бақылауды күшейткен. Бұған дейін CBS пен The New York Times сияқты медиа алыптарға да арыз жазып, өтемақы талап еткен еді.