Алматыда жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері адам өмірін сақтап қалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алматы-1" теміржол станциясы аумағында ер адам суицид жасамақ болған. Бұл туралы жасақ қызметкерлеріне жолдан өтіп бара жатқан азамат хабарлаған.

"Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер қолында пышағы бар, күйзеліске ұшыраған азаматты анықтады. Ер адам не себепті мұндай әрекетке барғанын түсіндіре алмаған. Полиция жағдайды жедел бақылауға алып, ер адамның өзіне зиян келтіруіне жол бермеді, айналадағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті", — деп жазылған хабарламада.

Кейін ол медициналық және психологиялық көмек көрсету үшін дәрігерлерге тапсырылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget