Түркістан облысы , Келес ауданында 600 және 300 орындық жаңа қос мектеп қолданысқа берілді.
Білім ошақтары «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерді. Заманауи талаппен тұрғызылған ғимараттарда пәндік зертханалар, спорт зал, асхана мен кітапхана бар. Сондай-ақ мұнда сенсорлық бөлме, инклюзивті сынып, музыкалық аспаптармен жабдықталған ән-саз кабинеті, робототехника және STEM зертханасы, би үйірмесіне арналған арнайы кабинет қарастырылған.
Балзия Тәжібаева, №66 жалпы білім беретін мектеп директоры:
- Біздің мектепке үш мектептен оқушы келді. Омар Есімов, Әлия Молдағұлова және Еркіндік бастауыш мектебінен. Оқушылармен бірге 57 бұйрыққа сәйкес ауысу тәртібімен ұстаздар да келіп отыр. Қазіргі таңда 24 ұстаз жұмыс істейді. Біліктілері педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, педагог-модератор және жас мамандар да бар құрамында.