Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер жыл басынан бері елде орташа есеппен 7,9%-ға қымбаттады. Сиыр еті – шамамен 3 есе көп, деп хабарлайды Egemen.kz.
8 айда сиыр еті бірден 23%-ға қымбаттап, килограмы 3200 теңгеге жетті. Тек бір апта ішінде баға 0,7%-ға өскен, деп жазады LS.
Бұдан бөлек, жыл басынан бері сәбіздің бағасы 27,5%-ға өсіп, 200 теңгеге жеткен. Күнбағыс майы – 15,2%-ға (843 теңге/литр), қант – 12,4%-ға (436 теңге), ал тауық еті – 11,4%-ға (1500 теңге) қымбаттады.
Сонымен қатар:
- пияз – 9,4%-ға (141 теңге),
- қырыққабат – 8,7%-ға (163 теңге),
- сары май – 8,4%-ға (4800 теңге),
- қарақұмық – 8,3%-ға (223 теңге) өскен.