Денсаулық сақтау саласындағы 30-дан астам түрлі ақпараттық жүйе бірыңғай платформаға біріктіріледі. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Цифрлық штабтың отырысында талқыланды. Мұндай шаралар елдегі дәрігерлердің жүктемесін азайтып, жүйенің тиімділігін арттырады. Оған қоса, бірыңғай дерекқорды құруға мүмкіндік береді.
Дмитрий Мун, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі:
- Бүгінгі таңда Денсаулық сақтау министрлігінде 30-дан астам ақпараттық жүйе бар, бұл дәрігерлер мен қызметкерлерге қиындықтар туғызуда. Өйткені олар өз процесінің бір бөлігі ретінде бір жүйеге есепке алу үшін дәрі-дәрмектерді енгізу, басқа жүйеге кіріп, өз аккаунты мен құпия сөзі болуы керек.