Абай облысы Бестерек ауылындағы жол апатында зардап шегіп, Үржар аудандық ауруханасында жатқан баланың жағдайы әлі ауыр. 9 жастағы жеткіншек бірнеше жерінен ауыр жарақат алған. Қазір дәрігерлердің жіті бақылауында. Ал осы жол апатында автокөлік тізгіндеген азамат көлік жүргізу куәлігінен айырылды. Ол 19 тамыз күні алты баланы қағып, үшеуі көз жұмды. Қалғандары жансақтау бөліміне түсті. «Курсив» ақпарат құралының дерегінше, көлікті тізгіндеген 55 жастағы жергілікті тұрғынды 20 тамызда Үржар аудандық соты «эпилепсия» диагнозына байланысты жүргізуші куәлігінен айырды. Сот материалдарына сәйкес, ол 2013 жылдан бері дәрігердің диспансерлік есебінде тұрған. Министрлік бұйрығына сәйкес, эпилепсиямен ауыратындарға көлік тізгіндеуге тыйым салынады. Полицейлер тергеу жалғасып жатқанын хабарлады.
Шерхан Жамбылұлы